Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Ерлан Қошанов: Ең бастысы – бұл шешімді халық жасайды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан Астанадағы №163 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қошанов: Ең бастысы – бұл шешімді халық жасайды

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

«Бүгін - мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім жасалғалы жатыр. Ең бастысы - бұл шешімді халық жасайды. Бұған дейін біз конституциялық реформаны қабылдадық. Бұл реформаның негізгі мақсаты қандай? Бұл әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуы. Бүгін біз оны іс жүзінде көріп отырмыз. Барлық өңірде біздің азаматтар дауыс береді. Түрлі аймақтардан келген ақпаратқа сүйенсек, белсенділік өте жоғары. Мемлекетіміздің болашағы үшін азаматтарымыз дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», деді Е.Қошанов.